12-11-18 |
1940 рет қаралған
«АрселорМиттал Теміртаудағы» өрттен соң бірнеше цехтың жұмысы тоқтады
.
Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі 10 қарашада кешкісін “АрселорМиттал Теміртау” металлургия комбинатында болған өртке байланысты комиссия құрды. Министрліктің ақпараты бойынша, 10 қарашада кешкі 19:53-те конвертер мен әктас өртеу цехы арасындағы құбырлар желісі құлап, өрт болған.

“Әктас өртеу цехының жанында орналасқан құбырлар желісінен газ шығып, өртенген. Көпір краны құлағандықтан конвертер цехы ғимаратының кейбір жерлері бүлінген” делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұған қоса, бірқатар машиналар, құрылғылар бүлінген. Қазір комбинаттағы бірқатар цехтар жұмысын тоқтатқан. Апаттан ешкім зардап шекпеген.

“АрселорМиттал Теміртау” қоршаған ортаға экологиялық зақым келмегенін де хабарлады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.