18-07-22 |
560 рет қаралған
Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен тағы бір іс қозғалды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен тағы бір іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығының аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты жаңа мәліметтерін анықтады.

2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету бойынша ұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін жасау» жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 млрд теңгенің ұрлығына жол берілгені белгілі болды.

«Атқарылған жұмыстар үшін 1,3 миллиард теңге бөлінген. Алайда жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстары жобаға нақты 83,4 миллион теңге кеткенін анықтады. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылған. Бұл мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Агенттік тергеудің жалғасып жатқанын және тергеу мүддесіндегі басқа ақпараттардың жария етілмейтінін айтты.

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды. 29 мамырда Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы журналистердің сауалына бастығының қамауға алынғаны туралы ақпаратын жоққа шығарды, Бірақ ресми дерекке сәйкес ол екі айға қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.