08-11-18 |
1810 рет қаралған
Астана Қытайдың Шыңжаңдағы шараларына «түсіністікпен» қарайды
.
Астана Қытай билігінің Шыңжандағы іс-әрекеттерін саяси тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр деп санайды. Бұл туралы 6 қарашада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанова мәлімдеді.

«Қытай билігі соңғы жылдары саяси тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін терроризмге қарсы шаралар жүргізіп отыр. Қазақстан бұл мәселенің күрделі екенін түсінеді. Бұл мәселені екі ел дипломатиялық жолмен шешуге тырысады» деді Жанар Айтжанова.  

Айтжанова сөзінде Қазақстан «Қытайдың денсаулық сақтау, білім беру және кедейшілікті жою салаларындағы едәуір жетістіктерін жоғары бағалайтынын» атап өтті.

Женевада (Швейцария) өтіп жатқан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қытайдағы адам құқықтары мәселесін талқыланған. 

БҰҰ кеңесінде Қытайда қазір бір миллионға жуық мұсылман қамауда отырғаны айтылды. АҚШ, Жапония, Австралия, Канада, Германия Қытайдан «саяси тұтқындарға арналған лагерьлерді» жабуды талап етті.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.