06-01-20 |
460 рет қаралған
Меншігінде бір үйден немесе бір автокөліктен көп мүлкі барлар атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.
Меншігінде бір үйден немесе бір автокөліктен көп мүлкі барлар атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды

фото: Тимур Батыршин, sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа форматы түсіндіріліп жатқанын хабарлады.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту басқармасының бас маманы Айнұр Әубәкірованың сөзі берілген. Онда маман атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіре келіп, АӘК кімдерге берілмейтінін айтқан: «Жаңа формат бойынша биылдан бастап отбасының меншігінде бір үйден немесе бір автокөліктен көп мүлкі, сондай-ақ оларда жер телімі, табыс әкелетін бөлмелері болса, учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Алайда бұл отбасының мүгедек баласы болса немесе көпбалалылар санатына жатса бұл критерий оларға қолданылмайды».

Сондай-ақ Айнұр Әубәкірова: «АӘК тағайындау жүйесіне 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өзгеріс енгізілді. Мәселен, өткен жылы әр отбасыға нақты бір деңгейде қаржы төленіп келген. Енді сол жанұяның бір айлық орта табысының кедейлік шегінің айырмасы ғана төленеді. Осы жылдың алғашқы тоқсанындағы кедейлік шек 24 258 теңгені құрайды. Мысалға бір отбасының төрт баласы болса, оның әрқайсысына өткен жылдың соңғы тоқсанында 23 389 теңге тағайындалып келген. Енді отбасының табысы айына бір адамға 12 мың теңгені құрайтын болса, жоғарыда аталған 24 258 теңгеден осы 12 мың теңге алынып тасталады. Сол сияқты жанұяда жұмыс істеуге қабілетті азаматтар болып, алайда отбасын асыраудан бас тартса, АӘК өзгелеріне де тағайындалмайды. Ал осыдан кейін АӘК-ке қайта құжат тапсыру үшін алты ай күтуіне тура келеді» деп АӘК-тің жаңа форматын түсіндірген.

2019 жылы ақпанда жалдамалы кішкентай үйде тұрып жатқан көп балалы отбасының бес баласы өрттен қаза тапқан соң, елде көп балалы отбасылардың мәселесі көтеріліп, ол көп балалы аналардың митингі, акцияларына ұласты. Әлеуметтік наразылықтың күшеюіне байланысты үкімет атаулы әлеуметтік көмек мқл

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.