04-10-18 |
1010 рет қаралған
БАҚ: Ресей бас прокурорының орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты.
Ресей бас прокурорының орынбасары Саак Карапетян Кострома облысында тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдары өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Тікұшақ 3 қазан күні кешке құлаған. 47news сайтының мәліметінше, апат орнынан үш адамның, оның ішінде Карапетяннің денесі табылған. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.  

47news дереккөздері бас прокурордың орынбасары аңшылықтан қайтып келе жатқанын айтады.

Саак Карапетян 2016 жылдан бері бас прокурор Юрий Чайкиннің орынбасары қызметін атқарды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.