15-04-19 |
3380 рет қаралған
Білім министрі: Балабақша тәрбиешілерінен бастап барлық ұстаздардың жалақысы өседі.
Білім министрі: Балабақша тәрбиешілерінен бастап  барлық ұстаздардың жалақысы өседі

Бүгін Үкімет үйінде баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Аrasha.kz тілшісі.

Министр жиын барысында нақты кімдердің жалақысы өсетініне тоқталды.

«Еңбек өтілін енді бастап жатқан жас мұғалімдер, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады. Олардың қатарында балабақшадағы еден жуатын тұлғалар, күзетшілер, от жағушылар, электрик, сантехниктер бар. Сонымен қатар, басқарушы басқармаға жататындардың да еңбегі өседі», – деді министр.

Сөз арасында ол, мектеп бітірушілердің кеші «кім мықты жасайды» деген сайысқа айналып кеткенін айтып, өкінішін білдірді.

«Мектеп бітіру кештері бұрынғыдай мектеп қабырғасында ата-аналарымыздың ортасында өтуі керек. Қазір бәрі тек  әдемі көйлектерін көрсету үшін жасайтын сияқты. Негізінен бұл ата-ананың,  достарыңның арасындағы жылы отырыс болу керек. Әркім бұрыннан айта алмаған тілектерін, сөздерін айта алатын тыныш жағдайда өткені жөн. Сондай-ақ ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне көп мән бергендері дұрыс»,-деді К. Шамшидинова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.