10-01-20 |
390 рет қаралған
Бір жылда жол апатынан 109 адам қаза тапқан.
Бір жылда жол апатынан 109 адам қаза тапқан

2019 жылы республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда 2547 жол-көлік оқиғасы болып, жол апатынан 1019 адам қаза тауып, 4311 адам жарақаттанған. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Министрлік жол апатының көбейгенін де растап отыр. Жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2020-2022 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған Жол картасын әзірлеген.

Құжат нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, жол апатының алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған 49 шараны қамтиды.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрғысындағы автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық базасын жақсарту бағытындағы шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатқан көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.