13-11-18 |
1890 рет қаралған
«ДНР» мен «ЛНР» басшылары «сайланды»
.Украина шығысында өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасындағы» сайлауда сепаратистер лидері Денис Пушилин мен Леонид Пасечник жеңді. Бұл туралы мойындалмаған «ДНР» мен «ЛНР» сайлау комиссиясы хабарлады.
Пушилин 62 пайыз, Пасечник 68 пайыз дауыс жинаған. Екеуі бұған дейін кафедегі жарылыс кезінде өлген Александр Захарченко мен отставкаға кеткен Виктор Плотницкийдің орнын басады.
Оқи отырыңыз: Украина дағдарысы туралы барлық ақпарат
Еуропа одағы, Украина, АҚШ Донецк және Луганск бұл сайлауды заңсыз деп атап, оның нәтижелерін мойындамайтындарын мәлімдеген.
2014 жылдың көктемінен бері Украинаның шығысындағы Донбасс және Луганск қалалары ресейлік сепаратистердің қолында тұр. Бұл аймақтағы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам мерт болған.
Соңғы мақалалар.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.