12-11-18 |
3390 рет қаралған
«Эйр Астана» компаниясының ұшағы Португалияда апатқа ұшырай жаздады.
«Эйр Астана» компаниясының ұшағы Португалияда апатқа ұшырай жаздады

Португалия БАҚ-тарының хабарлауынша, «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшағы Португалия аспанында апатқа ұшыраудың аз-ақ алдында қалыпты.

Қазақстандық әуе тасымалдаушысына тиесілі Embraer E190 ұшағы жексенбі күні Лиссабон маңында сервистік компанияның қызметін алғаннан кейін Алматыға қайтуға жолға шыққан.

Алайда, әуе кемесі аспанға көтеріле салысымен ұшқыштар шұғыл шақыру жібереді: оларға ұшақ бағынбай кеткен. Төтенше жағдайдан  қауіптенген Португалия билігі аспанға екі жойғыш ұшақ көтерді.

Flight Radar деректеріне сәйкес, ұшақ Португалия аспанында біраз уақыт айналып ұшып жүрген. Алайда апатқа ұшыраған жоқ: пилоттар ұшақты Бежада шұғыл түрде қондыра алды.

Оқиға себептері әлі белгісіз. Ұшақ бортында тек алты экипаж мүшелері ғана болғаны белгілі.

Sputnik

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.