02-11-20 |
690 рет қаралған
Ілиясова халықты карантин шараларын сақтауға шақырады.
Ілиясова халықты карантин шараларын сақтауға шақырады

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова Қазақстан халқын карантин шараларын сақтауға шақырды.
«Қымбатты ағайын, Қазақстан халқы! Қазіргі кезде коронавирустың өршуіне байланысты карантин шаралары қатаңдатылғанымен, тұрғындарымыздың қауіпсіздікті сақтамауы салдарынан адам өміріне қауіпті жағдайлар жиі кездесіп жатыр. Бүгінде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавируспен ауырған адам саны көптеп анықталып жатыр. Сондықтан сіздерден карантин шараларын сақтауларыңызды өтініп сұраймыз. Маска киіп, қолды жиі жуып тұру керек. Қолды сабынмен 30-40 секунд жақсылап жуса да артық етпейді. Өздеріңізбен бірге үнемі санитайзер алып жүріңіздер. Онымен қолды үнемі тазалап отырған жөн. Мүмкіндігіне адамдар көп жиналатын жерге бармаған абзал. Той-томалақ жасауды да доғары тұрғанымыз дұрыс болар еді», – деді «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген әртісі ағайын-туысымызға, балаларымызға, жастарымызға коронавирус қаупін түсіндіріп отыруымыз керектігін баса айтады. «Біз сіздермен біргеміз. Өнер адамдары өздеріңізді жақсы көреді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Амандықта жолығайық, аман болыңыздар!», – дейді Майра Ілиясова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.