«Азаматтарымыздың көпшілігі өзін мұсылман санағанымен, ол басқа діндердің еркіндігіне кедергі келтірмейді. Сіздер бұны түрлі діндердің храмдары салынған және адамдар құлшылық жасауға еркін бара алатын астанамызды аралап көрулеріңізге болады» деді Назарбаев.
Қазақстан президенті елде 18 діни конфессия мен 3,5 мыңнан астам діни субъект тіркелгенін айтып, «конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі қалыптасқанын» жеткізді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 19 қыркүйекте жариялаған терроризм туралы жыл сайынғы есебінде Қазақстанда терроризмге қарсы іс-қимыл туралы нормативтік-құқықтық база жеткілікті екенін және ел билігі «экстремизммен» күрес мақсатында діни азшылық топтар мен мұсылмандардың дін ұстану құқықтарын шектейтінін мәлімдеген.
Құрылтайға 46 елден 82 делегация, оның ішінде әлемдік және дәстүрлі діни конфессиялар мен діндер жетекшілері, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Құрылтайда екі пленарлық сессия және төрт секция бойынша отырыс өтеді. Секция жиындарында құбылмалы геосаясаттағы дін, адамзатты біріктірудегі жаңа мүмкіндіктер, дін және жаһандану, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда діни және саяси қайраткерлердің рөлі деген тақырыптарда талқылау болады.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024