14-11-18 |
1180 рет қаралған
Норвегия: Ресей НАТО жаттығуы кезінде GPS қызметін бұзды.
Норвегияның Қорғаныс министрлігі Ресейді НАТО әскери жаттығуы кезінде GPS жүйесінің қызметіне кедергі келтірді деп айыптады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Норвегия Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша Ресеймен байланысқан.

Мәскеу айыпты жоққа шығарды. Ресей Федерация кеңесіндегі қорғаныс комитетінің мүшесі Франц Клинцевич Ресейге GPS қызметін бұзудың «текке қажет болмағанын» мәлімдеді. Мемлекеттік думаның қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Андрей Карасов айыптауды «Ресейді құбыжық етіп көрсетудің тағы бір амалы» деп атады.

Норвегияда қазанның соңы мен қарашаның басында НАТО-ның қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері болмаған ең ауқымды әскери жаттығуы өткен. Trident Juncture 2018 деп аталған жаттығуға 31 елден 50 мың әскери қызметкер қатысқан.

Бұған дейін Финляндия да Ресейдің НАТО жаттығуы кезінде GPS қызметінің бұзылуына қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.