26-02-21 |
570 рет қаралған
Оралханның кітапханасында алғыс айтылды.
Оралханның кітапханасында алғыс айтылды

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада  ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесінің  қызметкерлері кездесу өткізді. Шара 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған.

Орталық кітапханада Алғыс айту күніне арналған шара өтті. Аталған кітапхананың өлкетану бөлімінің бас маманы Ирина Борисовна Коланчина  мерекенің тарихына тоқталып,  2016 жылдың 1-ші наурызынан  басталып тойланатының атап кетті.  

Мерекенің 1930 жылдардан  тамыр жайғаның, сол кездердегі оқиғаларға сүйене келе бастау алғаны туралы да баяндады, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі баспасөз  бойынша жауапты  қызметкері К.Мұхамғалиева.

Әр адамның жеке құндылығы болып табылатын біреуге деген алғысын, елге, жақынына білдіргені адамгершіліктің нышаны екенің түсінгендей болдық. Кітапхана өкілі мерекелік видеороликтермен кездесуді әсерледі.

Мекеме бастығының орынбасарлары бастаған бір топ қызметкерлер кездесуден үлкен әсер алғандарын жасырмады. Кездесу соңыңда бір бірлеріне алғыс айтылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.