10-11-22 |
750 рет қаралған
Өзбекстан Еуроодақтан Әлішер Османовқа салынған санкцияны алып тастауды сұрады.
Өзбекстан билігі ресейлік олигарх Әлішер Османов ел экономикасына инвестиция салып жатқанын алға тартып, Еуроодақтан оны санкцияға ілінген азаматтар тізімінен алып тастауын сұраған. Бұл жөнінде Financial Times басылымы жазды.

Газет дереккөзінің айтуынша, жуырда өзбек үкіметі Еуроодақ өкілдерімен кездескен кезде аталған мәселені қозғаған.

FT мәліметінше, Ташкент сонымен бірге оның қарындасы Гүлбахар Исмаиловаға салынған санкцияларды да алып тастауды сұраған. Бұдан бөлек 600 млн доллар тұратын «Дилбар» суперяхтасын бұғаттан шығаруды өтінген.

Financial Times Өзбекстан СІМ-ге араша түсуінің себебін сұрап, хат жолдаған. Министрлік «Өзбекстан үкіметінің әрекетіне пікір білдіре алмайтынын, бірақ бұл санкциялар бизнесменге елге инвестиция жасауға кедергісін келтіріп жатыр» деп жауап берген.

Әлішер Османов Ресейдегі ең бай адамдардың бірі. Forbes оның байлығын 11,5 миллиард долларға бағалаған. Ақпан айының соңында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, ресейлік шенеунік, бақуатты адамдармен бірге Батыс және АҚШ-тың санкциясына іліккен.

Оны санкциядан алып тастау жөнінде Венгрия билігі де өтініш түсірген.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.