10-11-22 |
550 рет қаралған
Өзбекстан кемінде $1 млн инвестиция салған шетелдікке азаматтық бере бастайды.
Өзбекстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға кем дегенде 1 миллион доллар салған жеке тұлға азаматтықты жеңілдікпен алуы мүмкін.

«Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын 8-23 қараша аралығында қоғам талқылайды.

Заң жобасы мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді.

Қазір азаматтықты шетелде тұратын этникалық өзбек немесе Өзбекстанда кемінде бір туысы бар азаматтығы жоқ тұлға ала алады. Өзбек азаматтығын алғысы келетін адам ел Конституциясын сақтап, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Енді осындай жеңілдікке республика экономикасына инвестиция салған шетел азаматы да ие болуы мүмкін.

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.