04-05-21 |
600 рет қаралған
Қазақстандықтар Ресейге тікелей бара алмайды.
Қазақстандықтар Ресейге тікелей бара алмайды

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ресейге жетудің жолын түсіндірді. Ел азаматтарына 20-дана аса мемлекет тізімі ұсынылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе ерекше негізі бар себеп болған жағдайда ғана ұшып бара алады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясына келесі жолдармен:

1) тікелей әуе рейстерімен;

2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-ө өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен;

3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пункттері арқылы не басқа елдерден келе алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.