15-06-22 |
690 рет қаралған
Қошанов: Әр депутат баласының қайда оқитынын өзі айтуы керек.
Қошанов: Әр депутат баласының қайда оқитынын өзі айтуы керек

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бюджеттен ақша алатын депутаттар отбасыларының қайда тұрып жатқаны жайында халыққа өзі айтуы керек деген пікір білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер Е.Қошановтан бұрынғы депутат және қазіргі Ғылым министрі Саясат Нұрбектің отбасы шетелде тұрып жатқаны қаншалықты этикаға сай келетінін сұрады. Саясат Нұрбектің төрт ай бұрын ғана депутат болғанын айтқан төраға бұған қатысты қандай да бір тексеру болмайтынын айтты.

«Әр депутат сіздердің, халықтың алдында балалары қайда оқып жатқаны, отбасы қайда тұрып жатқаны жайында өзі жауап беруі керек. Мен өзіме қатысты жауап бере аламын, менің балаларым қарапайым мектепте білім алды», – деді Е.Қошанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.