09-11-20 |
450 рет қаралған
Қытай 6G технологиясының алғашқы спутнигін орбитаға шығарды.
Қытай 6G технологиясының алғашқы спутнигін орбитаға шығарды

Қытай билігі 6G технологиясын іске қосатын алғашқы спутникті орбитаға шығарды. Қондырғы Шаньси провинциясының солтүстігіндегі Тайюань ғарыш айлағынан Long March-6 зымыран тасығышы арқылы ұшырылды. Бұл туралы Нightech.fm сайты хабарлады. Аргентиналық Satellogic компаниясы жасап шығарған қондырғы Жер шарын қашықтықтан зондпен тексеруге арналған. Chengdu Guoxing Aerospace Technology, UESTC және Beijing MinoSpace Technology компаниялары жасауға атсалысқан спутник 6G технологиясының жұмысын ғарыштан тексеруге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, технологияның жылдамдығы 5G-ге қарағанда 100 есе артық. China Daily басылымының хабарлауынша, 6G-ді іске қосу үшін зерттеулер жүргізіп, бірқатар техникалық мәселелерді шешу қажет. Сонымен бірге құрал-жабдықтарды жобалау мен оның қоршаған ортаға әсерін тексергеннен кейін ғана технология қолжетімді болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.