04-09-19 |
280 рет қаралған
Төрт қалада Қытай экспансиясына қарсы акция өтті.
Төрт қалада Қытай экспансиясына қарсы акция өтті

Бүгін Қазақстанның төрт қаласында Қытай экспансиясына қарсы акция өтті. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында өткен акциялардың әр қайсысына ондаған адам қатысты. Акцияға шыққандардың айтары біреу: Қытайдың экономикалық экспансиясына жол бермеу, Қытай зауыттарын елде салдырмау.

Алматы әкімшілігінің алдына жиналғандар босқа келіп кетпейік десіп қарар қабылдады.

Ал ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында акция шыққандар «Оян, Қазақ!» деп ұрандатты.

Бүгінгі акцияға шыққандарды полиция тұтқындағаны туралы әзірге хабар жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.