28-07-22 |
690 рет қаралған
Жетімдер үйінің директоры 12 млн теңге ұрлаған.
Жетімдер үйінің директоры 12 млн теңге ұрлаған

Қаржылық мониторинг агенттігі 12 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша ШҚО жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын мәлімдеді.

А.Базарханова 2013 – 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлағап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған.

Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған.
Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.

Сонымен қатар, А.Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған.

Облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, А.Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.