Біз
әлеуметтік
желіде
27-05-25 |
480 рет қаралған
Алматы облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты.
Алматы облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық – Бескөл учаскесіндегі қараусыз теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүргізушісі келе жатқан пойыздың жолына кенеттен шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себеп болды.

«26 мамыр күні сағат 12:57-де Достық – Бескөл учаскесіндегі қараусыз өткелде машинист кенеттен рельске шығып кеткен жеңіл көлікке байланысты шұғыл тежеу қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға туралы ақпарат Достық стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді. Апат пойыздардың қозғалыс кестесіне кері әсер етті.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 2025 жылдың бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 20%-ға артқанын хабарлады. Компания жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болуға шақырды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.