08-02-24 |
4670 рет қаралған
Алматыда лай көшкінінен екі үй үйінді астында қалды.
Алматыда лай көшкінінен екі үй үйінді астында қалды

Медеу ауданында лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй зақымданды.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен үйде төрт адам болған, екеуі бала. Оқиға орнында «Қазсселденқорғау» ММ, Алматы қаласы «109 құтқару қызметі» Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепте эвакуацияланған. Тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кетті.

Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.

Айта кетсек, 8 ақпан 02-20 сағат ішінде «Тау Самалы» Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топврақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрді.Көп ұзамай Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді.

Лай көшкіні болған жерге келген қала әкімі бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.

«Басты басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», – деді Ерболат Досаев.


Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.