Бүгінгі таңда Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі де үйде болса да дәрігерлер бақылауында және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ.
Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйек) облыстың медициналық мекемелерінде осыған балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.
Барлық науқастар антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.
8 қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медициналық Ұлттық үйлестіру орталығы мамандарының қатысуымен телемедициналық консультация өткізілді. Сондай-ақ осы өңірге Астана медициналық университетінің инфекционист және гастроэнтеролог мамандарының бір тобы жөнелтіліп, олар қазір емді үйлестіру ісін жалғастыруда.
10 қыркүйекте министрдің тапсырмасымен өңірге денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев барды. Ол науқастар жатқан ауруханаға барып, медициналық персоналмен жолықты. Вице-министр сонымен қатар дәрігерлер және жергілікті билік тарапынан дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын және емделіп шығатын балалар саны арта беретінін жеткізді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024