15-01-25 |
530 рет қаралған
Қазақстан азаматы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін сотталды.
Қазақстан азаматы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін сотталды

Ұлытау облысының тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім Сәтбаев қалалық сотында шығарылды. Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың қарашасында қазақстандық азамат Жезқазғаннан Петропавлға пойызбен барған. Сол жерде ол «Құрған» бақылау-өткізу пункті арқылы шекараны кесіп өткен.

Ресейге барған соң, ер адам қарулы қақтығыстарға қатысу үшін жеке әскери компаниямен (Вагнер) келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша оған ай сайын 240 мың рубль жалақы төленуі тиіс болған, ал егер ол қаза тапса, оның досына 5 млн рубль көлемінде өтемақы берілетіні айтылған.

«Ол ЖӘК басшылығы тарапынан қару-жарақ техникасы қоймасының меңгерушісі ретінде артиллериялық бөлімге бөлінген. Сол кезден бастап, яғни 2022 жылдың 6 желтоқсанынан 2023 жылдың 6 шілдесіне дейін, ол қылмыстық әрекетін жалғастырып, аталған бөлім құрамында болып, командирлердің бұйрықтары мен нұсқауларын орындаған. Басқа ЖӘК әскери қызметкерлерімен бірге шетел мемлекетінің әскери күштеріне қарсы әскери тапсырмаларды орындаған», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Ер адамның бұл әрекетке баруына оның марқұм әкесінің Харьков қаласында туғаны және өз пікірінше, шетелдік мемлекеттің билігі орыс ұлтының өкілдерінің құқықтарын шектеп жатқаны себеп болған.

2023 жылдың шілде айында ол «Внуково – Астана» рейсімен Қазақстанға оралған.

Ер адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша сотталған, яғни «Қазақстан Республикасының азаматының жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда шетел мемлекетінің аумағында қарулы қақтығыстарға және әскери әрекеттерге қасақана заңсыз қатысуы». Айыпталушы өз кінәсін мойындады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.