12-03-20 |
370 рет қаралған
Абаев ҚР президенті ауысады деген қауесетті жоққа шығарды.
Абаев ҚР президенті ауысады деген қауесетті жоққа шығарды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үстіміздегі жылдың 18 наурызына жоспарланған Nur Otan партиясының Саяси кеңесі отырысында Қазақстан Президентінің ауысуы туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазады.

«Мен қазір нақты күн тәртібін айта алмаймын. Ал сіз айтқан әңгімелерге қатысты, осы ас үй әңгімелерін тоқтатайық, шын айтамын. ( … ) Мен ақпарат министрі ретінде мұны жоққа шығарамын», -деді Дурен Абаев мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен месенжерлерде Nur Otan партиясының алда келе жатқан отырысында Қазақстан президенті ауысады екен деген қауесет тарады. Бұл әңгіме жұрт арасында қызу талқыланып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.