Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігін тоқтатты. Бұл туралы France 24 мәлімдеді.
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт әсіресе 2021-2022 жылдары Арменияға қатысты орындалмады. Бұл біздің назарымыздан тыс қалуы мүмкін емес еді. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік», – деді Пашинян.
Армениядағы ресейлік әскери базаның жабылуы мүмкін бе деген сұраққа Пашинян «Қазір біз бұл туралы айтып отырған жоқпыз» дедп жауап берді.
ҰҚШҰ-ға Армениядан басқа осы уақытқа дейін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кірді.
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024