20-06-24 |
5890 рет қаралған
Астанада ҰҚШҰ Министрлер кеңесі жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті.
Астанада ҰҚШҰ Министрлер кеңесі жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде өткен кезекті отырыста электрондық күресті ұйымдастыру және оны жүргізу мәселелері талқыланды.

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының радиоэлектрондық күрес басқарма органдарының басшылары қатысты.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Бәденов кездесуге қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Жұмыс тобының мүшелері қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда электрондық күрес күш-құралдарын қолдану тәжірибесін және мүше елдердің қарулы күштерін үйлесімді техникалық үлгілермен жарақтандыру перспективаларын қарастырды. Отырыста оған қоса ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2023» оқу-жаттығуы шеңберінде электрондық күрес бөлімшелерін бірлесіп қолдануды ұйымдастыру нәтижелері де айтылды.

Тараптар радиоэлектрондық күрес саласындағы Ұйымның нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіруді орынды дейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.