03-06-19 |
3340 рет қаралған
Қазақстанда қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады.
Қазақстанда қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады

Президент Қ.Тоқаев Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз – ашық азаматтық қоғам құрып жатқан елміз. Сол үшін мен Қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру жөнінде шешім қабылдадым. Кеңес еліміздегі ең маңызды мәселелерді талқылайды және сараптама жасайды» делінген хабарламада.

Қазақстанда бұған дейін жергілікті әкімшіліктер мен министрліктердің жанынан қоғамдық кеңестер құрылғаны мәлім. 2016 жылғы жер митингісінен соң құрылған кеңестер әлі де жұмыс істеп тұр. Бірақ қоғамдық кеңестердің жұмысын сынаушылар көп. Жаңадан құрылатын қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің құрылымы қандай болатыны белгісіз. Ол қоғамдық кеңестерді қайталап кетпей ме деген де қауіп бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.