29-01-20 |
550 рет қаралған
Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды.
Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды

Қазақстанның Ресей  және тағы да бірқатар елдердегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды,» -деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.