27-04-20 |
290 рет қаралған
Бүгін Тоқаев мәлімдеме жасайды.
Бүгін Тоқаев мәлімдеме жасайды

Бүгін президент Тоқаев мәлімдеме жасайды. 

«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі» деп жазды президент.

21 сәуірде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың осы аптада телевизия арқылы үндеу жариялайтынын айтқан еді.

Ал 24 сәуірде қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда экс-президент Назарбаев коронавирус жағдайы туралы ойын айтқан еді.

Президент мәлімдеме жариялаумен шектеле ме әлде телеүндеу де жасай ма ол жағы әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.