14-09-23 |
2130 рет қаралған
Әкімдер сайлауы президент реформасының нәтижесі.
Әкімдер сайлауы президент реформасының нәтижесі

Орталық сайлау комиссиясы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөнінде хабарлады. Бұл пилаттық режимдегі сайлау науқаны президент Қ.Тоқаев жариялаған саяси реформалар пакетінің заңды жалғасы әрі соның іс жүзіндегі нәтижелерінің бірі.

Пилоттық сайлауға орай, саясаттанушы Мақсат Жақау пікір білдірді.

«Сонымен 5-қарашада еліміз алғаш рет жергілікті билікті өзі сайлай бастайды. Дәл солай, былтыр басталған саяси реформалардың аясында, Президенттің бастамасымен қазақстандықтар 17 аймақта 45 ауданның және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау арқылы анықтай алады. Бұл демократиялық жариялықтың арқасында жергілікті атқарушы билікті халық сайлайды деген сөз.

Бұл жерде нақты айтуымыз керек, билік орталықсыздандыруды күшейтіп жатыр. Тағайындалмалы әкімдердің орнына сайланбалы дәстүрмен аймақ менеджерлері, саяси тұлғалардың келу науқаны басталады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының арнайы отырысында, әкімдерді 25 жастан жоғары, мемлекеттік қызметтегі еңбек стажына қарай, кез-келген саяси партияның, немесе өзін-өзі ұсынушылардың қатысуымен жүзеге асыратыны туралы айтып өтті. Яғни, сайланбалы қағидалар әділдік, ашықтық және заңдылық нормаларымен орындалмақ.
Егер саяси даму тарихымен айтсақ, бұл елімізде тұңғыш рет аудан мен қалалардың әкімдерін сайлауы өтпек. Демократиялық сатылай дамудың үлкен бір қадамы, әкімдер сайлауы болса, саяси реформалардың нәтижеге қимылдап отырғаны емес пе?!
Бұл сайлаудан тек қазақстандықтар, еліміздің болашағы ұтады!», – деп жазады ол.

Пилоттық режимдегі жергілікті сайлау 5 қарашада өтеді. Президенттің бастамасымен жасалып жатқан сайлау реформасымен қазақстандықтар 17 аймақта 45 ауданның және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау арқылы анықтай алады.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.