06-03-19 |
2300 рет қаралған
Назарбаев: Көпбалалы отбасылар, табысы төмен адамдар 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмек алуы керек.
Назарбаев: Көпбалалы отбасылар, табысы төмен адамдар 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмек алуы керек

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында президент көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек екенін айтты.

«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс. Әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бөлінетін қаражат салық түсімі есебінен құралатынын түсінген жөн. Сондықтан, мемлекеттің тиісті тепе-теңдікті сақтай отырып, көмекке аса мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсететінін баршаға түсіндіру керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.