20-06-24 |
6500 рет қаралған
Канада Навальный қазасына байланысты Ресей азаматтарына санкция салды.
Канада Навальный қазасына байланысты Ресей азаматтарына санкция салды

Канада сыртқы істер министрлігі санкциялар 2020 жылы Навальныйды «Новичок» уымен улауға, 2021 жылы саясаткерді Мәскеу әуежайында заңсыз ұстауға, түрмеде отырғанда оның құқықтары сақталмағанына байланысты салынды дейді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Бұдан бөлек, санкция салуға Ресей билігінің оппозиционердің сүйегін жақындарына кеш бергені және оның қазасына не себеп болғанын тергеуден бас тартқаны әсер етті деді.

Канада 13 адамға санкция салған, оның ішінде Ямал-Ненец автономды округіндегі тергеу комитетінің басқарма басшысы, оның орынбасары, «саясаткерді улауға қатысы бар» деген күдікке ілінген ФСБ агенті бар.

Канада СІМ басшысы Мелани Жоли бұл туралы саясаткердің жесірі Юлия Навальнаяға өзі хабарлаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.