Біз
әлеуметтік
желіде
28-04-25 |
110 рет қаралған
КХДР Ресей мен Украина соғысына өз әскерінің қатысқанын растады.
КХДР Ресей мен Украина соғысына өз әскерінің қатысқанын растады

КХДР билігі алғаш рет өз әскерилерін Ресейге Украинамен соғысқа қатысу үшін жібергенін растады, деп хабарлайды Yonhap агенттігі Орталық Корей телеграф агенттігіне (KCNA) сілтеме жасап.

KCNA мәліметінше, әскерлерді жөнелту «КХДР лидері Ким Чен Ынның бұйрығымен» екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісім аясында жүзеге асырылған.

«Украина билігінің Ресей Федерациясына бағытталған авантюралық басқыншылығын тойтару мақсатында Курск облысын азат ету операциялары жеңіспен аяқталды», – делінген KCNA хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада КХДР Қарулы күштерінің бөлімшелері «мемлекет басшысы Ким Чен Ынның бұйрығына сәйкес» операцияларға қатысқаны атап өтілген.

Сенбі күні Ресейдің Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Владимир Путинге Курск облысындағы жағдай туралы баяндап, «солтүстіккореялық әскерилер өңірді азат ету кезінде айтарлықтай көмек көрсетті» деп мәлімдеді.

Герасимовтың бұл мәлімдемесі КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгенін ресми түрде алғаш рет растау болды.

Фото: AFP

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.