15-09-21 |
420 рет қаралған
Мәмин саған айтам, Мусин сен тыңда: Жауапкершілік кімнің мойнында?.
Мәмин саған айтам, Мусин сен тыңда: Жауапкершілік кімнің мойнында?

Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының атынан депутат Мақсат Раманқұлов үкімет басшысы Асқар Мәминнің атына СБЕР мен цифрлық дамуға бөлінген қаражатқа қатысты депутаттық сауал жолдады.

Депутат «Қазақстан Үкіметінің Ресей Сбербанкімен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қоғамда үлкен дау тудырды» келіп, премьер-министрге үш сауал қойған:

1) Біріншіден, аталған келісімді өткен жылдары цифрландыру бағдарламаларына бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалғанын мойындау деп бағалауға бола ма?

Егер солай болса, онда өткен жылдары мемлекеттің нақты қанша қаржысы мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға жұмсалды және оның тиімсіз жұмсалғаны үшін жауапкершілік кімнің мойнында?

2) Екіншіден. Осы Келісімді дайындау кезінде отандық немесе ең мықты халықаралық IT-компаниялардың мүмкіндіктері ескерілді ме? Оны дайындау барысы ашықтық пен адал бәсекелестікке қаншалықты сай болды?

3) Үшіншіден. Келісімді іске асыру барысында ақпараттық  қауіпсіздік мүдделері қалай қорғалады?

Депутаттың Мәминге жолдаған сауалдары дұрыс-ақ. Ал үкімет кеңсесі не деп жауап берері белгісіз.

Раманқұлов депутаттық сауалында Мәминді ғана емес, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жұртқа айтқан түсіндірмесі түсіндірме емес, қоғам тарапынан сұрақ үстіне сұрақ тудырғанын да айтыпты.

«Осыған байланысты бұқаралық баспасөзде жарияланған цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің түсіндірмелері жұртшылықты қанағаттандырмайды, керісінше одан да көп сұрақтар туындатады. Оның себебі серверлерді Қазақстанда орналастыруда ғана емес, оларда сақталатын ақпаратқа бөтен тұлғалардың қолжетімділігін шектеудің технологиялық  мүмкіндігі бар ма деген мәселе.

Жиырма бірінші ақпарат ғасырында IT—қауіпсіздігі біздің еліміздің  Тәуелсіздігінің маңызды факторы  деп санаймыз», – деп сөзін аяқтапты депутат. Алайда, IT—қауіпсіздік еліміз Тәуелсіздігінің маңызды факторы екенін Мәмин мен Мусин біле ме, жоқ па – осы жағы тұтас елге дүдәмал, күмәнді болып тұр…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.