05-04-24 |
5910 рет қаралған
Мемлекетке опасыздық жасаған Константин Сыроежкин түрмеден босап шықты.
Мемлекетке опасыздық жасаған Константин Сыроежкин түрмеден босап шықты

Бұл жөнінде саясаттанушы Антон Морозов хабарлап, саясаттанушымен бірге түскен суретін жариялады. Қытайтанушының түрмеден босап шыққанын өзге де саясаттанушылар жазды, деп мәлімдеді Азаттық радиосы.

Сыроежкин түрмеде бес жыл отырды. 2019 жылы «Мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен 10 жылға сотталған қытайтанушы ақпаратқа қарағанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.

Оның үстінен қозғалған құпия іс жайлы кей деректерді 2019 жылы америкалық Wall Street Journal газеті жазған. Басылым сол кезде Қазақстанның күштік құрылымдары Сыроежкинді өз пәтерінде құпия операция барысында ұстаған деп хабарлады.

Бұл істен хабардар дерек көзіне сілтеме жасаған газет «Сыроежкин Қытайдың барлау органымен байланысы бар адамдарға құпия құжаттар берген болуы мүмкін» және «сол үшін ақшалай сыйлық алуы ықтимал» деп жазды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.