24-04-20 |
320 рет қаралған
Назарбаев: Елге батыл шешім қабылдайтын менеджерлер керек.
Назарбаев: Елге батыл шешім қабылдайтын менеджерлер керек

фото: elbasy.kz

24 сәуірде қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев: «Елге экономиканы қалпына келтіру, жұмыссыздықты азайту, халықты азық-түлікпен және қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі батыл шешім қабылдай алатын менеджерлер керек» деді.

Елбасының баспасөз қызметі таратқан мәтінде Н.Назарбаев коронавирус індетінің әлемге төндірген қаупін, әлем экономикасына тигізіп жатқан үлкен зардабын айтқан. Сондай-ақ президент пен үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағанын да атап өткен.

Отырыс бейнеконференция режимінде өткен. Онда коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.