14-08-20 |
230 рет қаралған
Назарбаев: Жұртшылық естен шығармағаны жөн.
Назарбаев: Жұртшылық естен шығармағаны жөн

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев кеше премьер-министр А.Маминді қабылдағанда геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстан қоғамы қандай болуы керектігі жайлы да ойын айтты.

«Біздің басты міндетіміз – дағдарысқа қарамай,  еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек. Қоғам тұтастығы мен саяси тұрақтылық – біздің алға жылжуымыздың негізі екенін жұртшылық естен шығармағаны жөн. Біз әрдайым мемлекеттің және «Nur Otan» партиясы сияқты саяси күштің айналасына топтасу арқылы дағдарыстарды еңсере білдік. Бұл сынақтан да аман өтетінімізге сенімдімін. Экономиканың өсімі қамтамасыз етілетін болады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне оң ықпал етеді. Мемлекет қайтадан қаржы жинақтайды. Ол қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарласының орындалуына пайдаланылатын болады» деді Назарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.