28-07-21 |
400 рет қаралған
«Nur Otan» партиясының 627 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды.
«Nur Otan» партиясының 627 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды

Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. Осы сайлауға орай, президент Тоқаев Ақмола облысына сапары кезінде: «Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай  шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес.  Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз», – деді.

Сайлау қортындысы бойынша, сайлау округтерінің 86% астамында «Nur Otan» партиясының кандидаттары және өзін-өзі ұсынушы партия мүшелері жеңіске жеткен.

Партия баспасөзінің хабарлауынша, жеңіске жеткен нұротандықтардың 35%-дан астамы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер, ал 65%-ы қызметтегі әкімдер. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жасты құрады. Әйелдер – 11,5%, 35 жасқа дейінгі жастар – 14,2%.

Елде 730 ауыл округте сайлау өтіп, «Nur Otan» партиясының 627 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.