06-08-20 |
840 рет қаралған
«Нұр Отанның» депутаты үкіметті сынады.
«Нұр Отанның» депутаты үкіметті сынады

фото: Нұржан Әлтаевтың facebook парақшасы

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев үкіметті сынады. Депутаттың ойынша, жемқорлықты жеңбейінше, мемлекеттік басқару жүйесін өзгертпей ешқандай нәтиже болмайды. Әлтаев мұндай пікірді «Еуразия» бірінші арнасына айтқан.

Депутаттың коронавирусқа қатысты үкімет саясатын сынауы жөн делік. Өйткені депутат қой. Әлтаевтың «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ал «Нұр Отан» жалпақ жұрт білетіндей, билеуші партия. Ел президентінен бастап, ауыл әкіміне дейін осы партияның мүшелері. Демек Әлтаев үкіметті сынаймын деп өз партиясы «Нұр Отанды» сынап отыр. Қазіргі жүйені «Нұр Отан» партиясы қалыптастырған.  Партия төрағасы Н.Назарбаев қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін, саяси жүйені жасаған адам. Қазір де елді «Нұр Отан» партиясы басқарады деуге болады. Демек Әлтаев үкіметті емес, билеуші партияны және сол партия жасаған жүйені сынап отыр. Мәселен, Әлтаев жемқорлықпен күресу туралы айтады. Ал «Нұр Отан» партиясында партияластар ішінен 2017 жылы 240 жемқорлық фактісі анықталған болса, 2014 жылы 25 мың адамды жемқорлыққа байланысты партия өз қатарынан шығарып тастаған. Бұл тек билеуші партияның жемқорлыққа қатысты әр жылдардағы ашық дереккөздерде шыққан мәліметтер. Айналып келгенде, Әлтаев өзіне депутаттық мандат беріп, мәжіліс депутаты еткен партиясын сынады.

Әлтаев 2019 жылдың ақпан айында орталық сайлау комиссиясының шешімімен мәжіліс депутаты болған. Оған дейін 2017-2018 жылдары – ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі, 2018-2019 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі қызметтерін атқарған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.