01-04-19 |
1940 рет қаралған
Президент Тоқаев instagram-ға тіркелді.
Президент Тоқаев instagram-ға тіркелді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев instagram желісіне тіркелді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халық ең көп пайдаланатын əлеуметтік желілердің бірі Instagram желісінен ресми парақшасын ашты» деп жазған Берік Уәли.

Президент өзінің instagram парақшасында: «Құрметті Отандастар!

Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым» деп жазады.

View this post on Instagram

Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым. ………….. Уважаемые соотечественники! Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.

A post shared by QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) on

Ал Берік Уәли «Соңғы уақытта Instagram желісінде Президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кетті, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес. Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекен-жайы tokayev_online» деп жазды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.