20-03-19 |
4270 рет қаралған
Путин: Назарбаев билікті мұрагермен қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.
Путин: Назарбаев билікті мұрагермен қамтамасыз етеді деп үміттенеміз

Ресей президенті Владимир Путин үкіметтің отырысында Қазақстандағы билік ауысына қатысты пікірін айтып: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жоғарғы мемлекеттік лауазымынан кетуіне байланысты биліктің мұрагерлігін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз» деді. Мұны ria.ru жазады. Сондай-ақ, Путин Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас қажетті деңгейде жалғаса беретінін атап өтті.

19-наурызда Н.Назарбаев мәлімдеме жасап, президент қызметінен кеткенін жария етті. 20-наурыздан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кірісті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.