Қазақстандық әскери қызметшілердің «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында Голан жоталарындағы қызметіне алты ай толды.
Атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттерді орындайтын 139 әскери қызметшіден тұратын қазақстандық бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып жатыр.
Әскери қызметшілердің міндетіне миссияның жауапкершілік аймағын патрульдеу, жол тосқауылдарын күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, БҰҰ персоналын алып жүру және эвакуациялау кіреді. Оларды орындау үшін бітімгерлер заманауи қару-жарақ пен әскери техникадан бастап, тыл жабдықтары мен медициналық қолдауға дейін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.
Бітімгерлер қажетті керек-жарақтармен және білікті әскери дәрігерлермен жабдықталған медициналық пунктпен де қамтамасыз етілген.
– Алғашқы қазақстандық бітімгерлік контингент ағымдағы жылдың 14 наурызында БҰҰ күштерінің бөлінуді бақылау жөніндегі қолбасшысының резерві ретінде Голан жоталарына келді. Резервтің негізгі міндеті – жедел әрекет ету тобы ретінде қызмет атқару. Сонымен бірге біздің міндетімізге БҰҰ күштерінің жеке құрамын эвакуациялау, жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, ал қандай да бір қауіп туындаған кезде жауапкершілік аймағындағы бітімгерлік базаларды күшейту кіреді, – деді ұлттық бітімгерлік контингент командирі подполковник Жігер Айыпов.
Сондай-ақ, ол жарты жыл ішінде қазақстандық бітімгерлік контингент үш тексеруден өткенін айтты. Қазақстаннан әкелінген Меморандумда көзделген екі талап бар. Оның біреуі – бөлімшенің жедел дайындығын бағалау.
– Барлық үш тексеру жоғары деңгейде өтті, техниканың бәрі қоймада әрі жұмыс жұмыс істеп тұр. Ротаның жедел дайындығына келетін болсақ, тексерушілер жеке құрам белгіленген уақыт аясында қойылған талаптарды орындауға дайын деген қорытындыға келді, – деп толықтырды подполковник Жігер Айыпов.
Жартыжылдық кезең аяқталғаннан кейін қазақстандық бітімгерлердің Голан жоталарындағы қызметі Қазақстанның халықаралық бітімгерлік қызметіндегі тағы бір табысты тарау ретінде тарихқа енбек.
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024