10-10-23 |
1470 рет қаралған
Қазақстан демократиялық өзгерістердің жаңа циклін бастады.
Қазақстан демократиялық өзгерістердің жаңа циклін бастады

2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаңа саяси үдерістер кезеңі басталды. Ол әлі де жалғасып жатыр. Саяси жүйені қайта құру үшін ең әуелі конституцияға өзгерістер жалпыхалықтық референдум арқылы енгізілді. Мәселен, конституцияға енген өзгерістерге сәйкес, президенттердің қайта сайлануына тыйым салып, бір мерзімге шектеу қойды. Ол сондай-ақ президенттің туыстарына Үкіметте жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл өзгерістердің саяси маңызын Орталық Азиядағы өзге елдердің саяси басқару құрылымын қарасақ түсінікті бола түседі: мысалы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерінің өз қыздары мен ұлдары Әкімшілік басшысы болып жұмыс істейді. Әрі экс-президент Н.Назарбаевтың да балалары мен туыстары ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарғаны мәлім.

Саяси жүйені қайта жаңғыртудың ең негізгі тетігі – сайлау жүйесін жаңарту. Бұл тарапта да бірнеше маңызды өзгерістер сайлау туралы конституциялық заңға енген өзгертулер арқылы келді. Мәселен, саяси партияларды тіркеу шегі төрт есеге қысқарды. Жақында өткен парламент сайлауына «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» (бұрынғы Коммунистік партия) және «Ауыл» партиясы сияқты оппозициялық партиялар қатысты. Расында, қазір «Ақ жол» партиясының парламентте 12 орыны бар.

Қаңтар оқиғасынан кейін тағы бір күн тәртібіне өткір шыққан мәселе ол – қоғамда әділдік орнату. Әсіресе, әлеуметтік әділдік проблемасы өзекті. Осы терең мәселен шешудің алғашқы қадамы ретінде президент Тоқаев «Әділетті Қазақстан», «Әділ адам – әділ қоғам» қағидаттарын ұсынды. Сөйтіп, Қазақстан әрбір азаматтың этникалық тегіне, жынысына және жасына қарамастан бірдей мүмкіндіктерге, құқықтарға және қорғауға ие, Әділетті Қазақстанды құруға міндеттенді деуге болады.

Қазақстандағы әлеуметтік әділдік қағидатына ұзақ жылдар бойғы табыс теңсіздігі терең әсер етті. Жаңа жағдайда «Қазақстан халқына» қорының құрылуы, заңсыз активтерді мемлекет меншігіне қайтарудың жолға қойылуы әлеуметтік әділдіктің алғашқы қадамы деуге негіз бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.