04-03-24 |
5790 рет қаралған
Ресей ақпан айынан бері 15 ұшағынан айырылды – Зеленский.
Ресей ақпан айынан бері 15 ұшағынан айырылды – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский ақпан айынан бері Ресей әскері 15 ұшағынан айырылғанын мәлімдеді.

«Осы аптада ғана біз Ресейдің жеті әскери ұшағын атып түсірдік. Бұл бомбаларды тастап, адам өлтіретіндер. Ақпан айының басынан бері Ресей 15 әскери ұшағын жоғалтты. Бұл олардың шығынының дұрыс динамикасы», – деді Украина президенті видео үндеуінде.

Украина Қарулы Күштері ақпанның алғашқы екі аптасында Ресейдің 13 жауынгерлік ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді, бұл соғыстың алдыңғы айларына қарағанда әлдеқайда көп.

Ресей тарапы бұл сандарды растамайды, ал соғыс жағдайында BBC соғысушы тараптардың мұндай хабарларын тәуелсіз растай алмайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.