25-04-19 |
4750 рет қаралған
Сайлауда Тоқаев жеңеді, оның сайлау кампаниясын Назарбаевтың саяси технологтары жүргізеді – сарапшы.
Сайлауда Тоқаев жеңеді, оның сайлау кампаниясын Назарбаевтың саяси технологтары жүргізеді – сарапшы

Президент сайлауында «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев еш шүбәсіз жеңеді. Ол өзінің сайлау кампаниясын мемлекет басшысы лауазымына кіріскен алғашқы күннен бері жүргізіп келеді. Бұл туралы сарапшы Ербол Еділов өзінің телеграм каналында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ербол Еділовтың телеграм каналынан алынған скриншот

Оның айтуынша, негізгі жұмыс «Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабын ресми іске қосқан кезде басталады.

«Дайындық кезеңі белсенді жүргізілуде. Әрине, кандидаттың бағдарламасы басқа жерде жазылып жатыр. Онымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшілері айналысып жатуы мүмкін. Ол жақында ғана осы мақсатта кеңесшы қызметіне тағайындалған  Ержан Бабақұмаров пен Ерлан Қарин. Дегенмен, ұйымдастыру жұмыстарының барлығы партияның мойнында»,-деп жазды ол.

Сонымен қатар ол, 2015 жылы билік партиясының атынан Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түскенде оның штабын Мұхтар Құл-Мұхамед басқарғанын және Президент кеңесшісі қызметін кейінге қалдыруға тура келгенін айтады. Ол кезде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек болған, алайда оған мұндай миссияны атқаруда сенім арпаған сыңайлы.

«Осы жолы Тоқаевтың штабын Мәулен Әшімбаев басқаратын шығар. Ол тәжірибелі идеолог әрі политтехнолог. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары ретінде жұмыс істей жүріп ол 2007 жылғы парламент сайлауын және 2011 жылғы президенттік кампанияны жүргізді»,-деп жазды сарапшы.

Ербол Еділовтің айтуынша, мемлекеттік хатшы Марат Тажин сайлау барысының жалпы координаторы болып қала бермек. Бұл оның ісі әрі бұрынан солай болып келген көрінеді.

Сондай-ақ ол, «Нұр Отан» партиясы соңғы кездері болып жатқан тағайындаулардың барлығын жарияламайтын болды деп жазды.

«Жақында партияның орталық аппаратының басшысы болып Юрий Черкасов деген адам тағайындалды. Ол көпшілікке таныс емес. Оны Марат Тажиннің адамы деп санауға болады, өіткені екеуі ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген»,-дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.