09-10-19 |
1730 рет қаралған
Тоқаевқа Нұр-Сұлтан ұнамайды екен….
Тоқаевқа Нұр-Сұлтан ұнамайды екен…

Кеше президент Қ.Тоқаев Нұр-Cұлтан қаласын қатты сынады. Оған қаланың келбеті ұнамайды екен. «Қалада бірыңғай қала құрылысы саясаты жоқ. Бұл кейбір аудандарды қалай болса солай, ретсіз құрылыстардың салынуына әкеп соғып отыр. Көшелер мен ғимараттарды безендіруде бірыңғай үйлесімді стил жоқ. Қаланы көруге келген туристтердің пікірлерін естіген шығарсыздар. Олардың пікірі негізінен оңды болғанмен, эклектика барын айтады. Бір ғимарат бір стилде салынса, келесісі басқа стилде. Ең бастысы қала ыңғайлы емес. Плиткалар ұшады, асфальт жарылады, ағаш аз. Қала қарайтын, күтім жасайтын ешкім жоқтай көрінеді», – деді президент. Тоқаевтың бұл сөздерінен оған Нұр-Cұлтан қаласының ұнамайтынын анық көруге болады. Оның үстіне қала құрылысы мен ғимараттардың әртүрлі стилде салынғанын сынауы тікелей қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, экс-президент Н.Назарбаевқа барып тиетіні белгілі. Өйткені ширек ғасырдан астам ел билеген Нұрсұлтан Әбішұлы Астананың бас архитекоры аталып келгені және қала оның баласындай деп сипатталатыны мәлім. Ал биыл наурызда экс-президенттің еңбегін мәңгілік есте қалдыру үшін деп Тоқаев Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынып, ол ұсыныс лезде жүзеге асқан еді. Енді арада алты ай өткенде президент Тоқаевқа өзі атын ауыстырған қала ұнамайтыны аңғартып, сынға алды. Әлбетте, қала дамуында президент айтқан мәселелердің бары анық. Алайда, жиырма жыл бойы асыра мақталған қаланың Тоқаев айтқандай қала құрылысы сипатынан бастап, көгергені жоқ көшесі, плиткасы ұшқан үйлері, су алып кететін көшелеріне дейінгі аралықты алып жатқан үлкен кемшіліктері бар екені экс-президенттің көңіліне келетіні анық. Кешегі жиналыста айтылған сын Астананың қалай болса солай салынғанын көрсетіп, қаланы мақтаудың артында үлкен кемшіліктер жасырылып тұрғанын көрсетті.

Қаланың бас архитекторы деп айтылатын Н.Назарбаев президент болып тұрған шағында қаланы үнемі мақтан тұтып, оның халықаралық маңызын баса айтатын еді. Сөйткен қала екінші президенттің көзімен қарағанда онша болмай шықты…

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.