15-03-20 |
660 рет қаралған
Тоқаев: Бізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті.
Тоқаев: Бізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Тоқаевтың: «Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз.
Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты.
Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі.
Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес.
Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек.
Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда» делінген цитатасын жариялады.

Президенттің бұл жалпылама сөзінен бүгінгі әлемдегі ахуалды, ірі державалар арасындағы түрлі қақтығыстарды меңзегенін аңғаруға болады. Сол арқылы ол елді бірлікке үндейді. Алайда «жаулар» деп нақты нені меңзеп тұрғаны түсініксіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.