03-07-24 |
5000 рет қаралған
Тоқаев пен Си Цзиньпин «Ақорда» резиденциясында кездесу өткізді.
Тоқаев пен Си Цзиньпин «Ақорда» резиденциясында кездесу өткізді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.