01-10-21 |
630 рет қаралған
Үкімет жерді шетелдіктерге жалға беретін қаулы дайындады.
Үкімет жерді шетелдіктерге жалға беретін қаулы дайындады

Мәмин үкіметі 22 қыркүйекте қаулы дайындаған. Қаулы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» деп аталады.

Қаулыда былай делінген:

1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      «2021» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) тармақша алып тасталсын.

      2. 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген.

 Қаулыдағы «2 тармақша алынып тасталсын» тұр. Ал 2016 жылғы 6 мамырдағы президент жарлығының 2 тармақшасында: » 2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге» мораторий жарияланған болатын. 

Енді Мәмин мораторийді тағы бес жылға созуды сұрай отырып, ең маңызды – шетелдіктерге жалға жер бермеу туралы 2016 жылғы жарлықтың 2 тармағын алып тастауды ұсынып отыр. Осылайша, үкімет жерде шетелдіктерге жалға беруге жол ашпақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.